№189 орта мектебінде Отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен "Ана мен қыз-бір жүрек" атты 5-7 сынып оқушылары мен аналары арасындағы сайыс жоғары деңгейде өтті. Ана мен қыздар өзара түсіністік, өнер, тапқырлық және бірліктің жарқын үлгісін көрсете білді.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жылы әсер сыйлады.
Сайыс соңында белсенді қатысқан аналар мен қыздар марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор, жүрекке жылу сыйлайтын іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Барша қатысушылар мен қолдау көрсеткен ата-аналарға, ұстаздарға алғысымызды білдіреміз
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/mektepti-t-rbie-zh-mystary/100-ana-men-yz-bir-zh-rek.html#sigFreeId95bc0ebbe2






