Отбасы құндылықтары – қоғамның берік негізі. №189 орта мектебінде ұйымдастырылған “Әкемен бірге – жеңіске қадам” атты 8-11 сынып оқушылары мен әкелері арасында волейбол жарысы өте жоғары деңгейде өтті
Әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға арналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы тәрбиелік жауапкершілікті арттыру, бірлескен спорт арқылы ынтымақ пен ұйымшылдықты қалыптастыру.
Әке мен баланың бір командада ойнауы – тек жеңіске жету емес, бірге уақыт өткізіп, бір-біріне сенім артудың үлгісі.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
Әр команда жеңіске деген жігерімен көзге түсті
Осындай тәрбиелік мәні зор спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Жарысқа қатысушы әкелерімізге және оқушыларға, ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/mektepti-t-rbie-zh-mystary/101-kemen-birge-zhe-iske-adam.html#sigFreeIdb6ceb682ec






