№189 орта мектеп оқушылары мектеп әкімшілігіндегі ұстаздар мен мектеп ұжымын ерекше құрметпен қарсы алып, өздерінің алғыстарын білдірді.
Алғыс айту – жай ғана “рахмет” деу емес. Ол – жүректегі ризашылықты білдіру, жақсылықты бағалау, жанымыздағы жандардың қадірін түсіну. Ата-анаға – өмір сыйлағаны үшін, ұстазға – білім бергені үшін, досқа – қолдау көрсеткені үшін, Отанға – бейбіт аспан мен мүмкіндіктері үшін алғыс айтамыз.
1 наурыз - Алғыс айту күні Бұл мереке – бірлік пен мейірімділіктің белгісі. Әр халықтың, әр отбасының тағдыры тоғысқан қазақ жерінде қиын кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсеткен адамдардың адамгершілігін еске алатын күн. Бұл күн бізге татулықтың, достықтың және сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

№189 орта мектебінде көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай МИФ бірлестігі мен дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетіліп, жоғары деңгейде іс шара болып өтті. Ұстаздар мен қызметкер аруларды әсем әуенмен, құлпыра жайнаған гүлдермен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ер азаматтарымыздың жүректен шыққан жылы лебіздері мен ізгі тілектері әрбір жанның көңіліне шаттық ұялатты. Сонымен қатар мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандыру мақсатында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, аруларымызға ерекше әсер мен жағымды эмоция сыйлады. Мектеп кәсіподақ ұйымынан нәзік жандыларға сый-сияпат көрсетілді. Бұл сәттер ұжым арасындағы сыйластық пен бірліктің, нәзік жандыларға деген шынайы құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Ана – мейірімнің шуағы, шаңырақтың берекесі, өмірдің ең асыл тірегі. Ал арулар – әлемге көрік беретін нәзіктік пен сұлулықтың символы. Құрметті аналар мен арулар!

Сіздерді көктемнің ең әсем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңіз қуанышқа, жүректеріңіз мейірімге, шаңырақтарыңыз бақыт пен берекеге толы болсын!