Наурыз- жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің, достық пен татулықтың мейрамы.
189 орта мектепте Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай Қазақ тілі мен әдебиеті және Тарих пәні бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Армысың, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс - шарасы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты: ата-бабамыздан қалған асыл дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Шара барысында ән шырқалып, би билеп, салт дәстүрімізге байланысты көрініс қойылып, сұрақ- жауап жүргізілді.
Қазақ халқы үшін Наурыз- тек мереке ғана емес, ол - тәрбие мен тағылымның бастауы болғандықтан, қонақтар ұлттық дастарханнан дәм татып, ақ тілектерін арнады.

1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Бірлігіміз- берекеміз, ынтымағымыз- тірегіміз!» тақырыбында шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін насихаттау, достық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Қазақстанда тұратын халықтар туралы мәліметтермен танысып, олардың салт-дәстүрлері, мәдениеті жөнінде білді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты әндер айтылып, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері қойылды.
Іс-шара қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар бірлік бар жерде береке бар екенін түсініп, достыққа, ынтымаққа деген көзқарастары нығая түсті.