30- қыркүйек күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Еңбек күніне орай №189 орта мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен іс шара болып өтті. Шараға еңбек жолынан зейнетке шыққан қарияларымызда қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Корганова Кадиша Мамайқызы алып, жылы лебізін білдіріп құттықтауларын табыстады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан еңбек қызметкерлеріне сыйлықтар табысталып грамоталармен марапатталды.
Еңбек күні – бұл жұмысшы адамдардың еңбегін қадірлеу, маңдай термен тапқан адал еңбекті насихаттайтын күн.
Бұл мереке – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген, барша еңбек адамдарына алғыс айту, құрмет көрсету күні!