1- ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ
Бүгін – өмір жолының сан соқпағынан өткен, әр қадамы өнеге мен даналыққа толы ардақты қарияларымыздың мерекесі.
Қарттар күні мерекесіне орай №189 орта мектебіміздің ұйымдастыруымен "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік кеш болып өтті. Кеште мектеп директоры Корганова Кадиша Мамайқызы ардагер ұстаздарымызға жылы лебізін білдіріп, Бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан сый сияпат табысталы.Балалардың жүрекжарды жырлары, әсем әндері, алғысқа толы жылы сөздері ардагер ұстаздарымызға деген шексіз ризашылықтың айқын белгісі.
Қадірлі қарттар, сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін сарқылмас қазына. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!
Бүгін ғана емес, әр күн сіздерге деген сыйластық пен құрметке толы болсын!
Қарттарымыз аман болсын!