Қазан айының алғашқы аптасында ұстаздар қауымы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы мерекеге орай мектебімізде орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз -ұлт болашағының шамшырағы» атты әсерлі мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, білім беру саласына қосқан үлестерін бағалау және мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Корганова Кадиша Мамайқызы ашып, ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында ұстаздық жолдың жауапкершілік пен парасаттылықты талап ететін ерекше мамандық екенін атап өтіп, әріптестеріне еңбекте табыс, шығармашылық шабыт және отбасылық амандық тіледі.
Білім саласындағы елеулі еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар ұстаздар марапатталды. Ұстаздардың еңбегі жана берсін, мерекелеріңіз құтты болсын!
Дублер күні
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/mektepti-t-rbie-zh-mystary/95-staz-lt-bolasha-yny-shamshyra-y.html#sigFreeId1a01158acd






