№189 орта мектебінде 2025 жылдың 15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Отанға, халқына адал қызмет етуге серт берген 5-сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, ұйым қатарына қабылданды.Мектебіміздің директоры Корганова Кадиша Мамайқызы оқушыларға ыстық лебізін білдірді.Салтанатты іс шараға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер, мектеп парламент ұйымы қатысты.
Мақсаты – патриоттық сана-сезімді, ұлттық рухты, жауапкершілікті, ұйымшылдық пен белсенділікті дамыту.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға үлкен рухани әсер сыйлады.