№189 орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айнала би билеп, өз өнерлерін паш етті. Жаңа жыл кешінің басты қонақтары — Аяз ата мен Ақшақарға ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар ұсынып, ерекше әсер сыйлады.
Өнер көрсеткен оқушылар керемет сыйлықтарға ие болып, мерекелік кештен жаңа 2026 жылға көтеріңкі көңіл күймен қадам басты.
Балаларға шаттық сыйлаған бұл кеш ұмытылмас әсерге толы болды!
View the embedded image gallery online at:
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/mektepti-t-rbie-zh-mystary/98-osh-keldi-zha-a-zhyl.html#sigFreeId2272e29f63
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/mektepti-t-rbie-zh-mystary/98-osh-keldi-zha-a-zhyl.html#sigFreeId2272e29f63






