№189 орта мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнерін дәріптеу,ұлттық құндылықтарымызды насихаттау,мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту мақсатында "Асыл әже-дана әже"атты өнер фестивалі өтті.
Фестиваль барысында әжелеріміз жас ұрпаққа үлгі болар салт -дәстүрден көрініс көрсетіп ,өз өнерлерін ортаға салды.
Фестивальға кентімізден құралған "Ақ бата"әжелер ансамблі де келіп, ерекше әсер сыйлады.
Әжелерімізді мектеп басшысы К.М.Корганова "Алғыс хатпен"марапаттады.
Қазанын оттан түсірмей,қазынамызды дәріптеп жүрген ақ әжелеріміз аман болсын!
Асыл қазыналарымыздың батасын алып,биікке өрлей берейік!