Жиынға 1 сынып оқушылары, ата-аналары, ұстаздары қатысты. Салтанатты іс-шара оқушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру,өзара құрмет пен түсінікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Алғашқы сөзді мектеп директоры Корганова Кадиша Мамайқызы сөйлеп, ұжымның өткен жылғы жетістіктерімен құттықтап, 2025-2026 оқу жылына сәттілік тіледі. Білім күні барлық ұстаздарға құтты болсын! Жаңа оқу жылы жетістікке толы болып, әр күніміз білім мен ізгілікке жетелесін!