Ұстаздар күні қарсаңында №189 орта мектебімізде ерекше дәстүр – «Дублер күні» өткізілді. Бұл күннің басты мақсаты – оқушыларға мұғалімдердің еңбегін сезінуге мүмкіндік беру, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін шыңдау Бүгін оқушылар ұстаздың, мектеп басшылығының да орнында болып, өздерін жаңа қырынан танытты. Олардың шығармашылығы, белсенділігі және ұйымшылдығы – баршамызға үлкен қуаныш сыйлады. «Дублер күні» жас ұрпақтың үлкенге құрметпен қарап, еңбекке баулынуына үлес қосады. Барлық дублерлерімізге жарқын жеңістер мен шабыт тілейміз!