№189 орта мектеп оқушылары мектеп әкімшілігіндегі ұстаздар мен мектеп ұжымын ерекше құрметпен қарсы алып, өздерінің алғыстарын білдірді. Алғыс айту – жай ғана “рахмет” деу емес. Ол – жүректегі ризашылықты білдіру, жақсылықты бағалау, жанымыздағы жандардың қадірін түсіну. Ата-анаға – өмір сыйлағаны үшін, ұстазға – білім бергені үшін, досқа – қолдау көрсеткені үшін, Отанға – бейбіт аспан мен мүмкіндіктері үшін алғыс айтамыз. 1 наурыз - Алғыс айту күні Бұл мереке – бірлік пен мейірімділіктің белгісі. Әр халықтың, әр отбасының тағдыры тоғысқан қазақ жерінде қиын кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсеткен адамдардың адамгершілігін еске алатын күн. Бұл күн бізге татулықтың, достықтың және сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады.