Халықаралық әйелдер күніне орай МИФ бірлестігі мен дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетіліп, жоғары деңгейде іс шара болып өтті. Ұстаздар мен қызметкер аруларды әсем әуенмен, құлпыра жайнаған гүлдермен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ер азаматтарымыздың жүректен шыққан жылы лебіздері мен ізгі тілектері әрбір жанның көңіліне шаттық ұялатты. Сонымен қатар мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандыру мақсатында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, аруларымызға ерекше әсер мен жағымды эмоция сыйлады. Мектеп кәсіподақ ұйымынан нәзік жандыларға сый-сияпат көрсетілді. Бұл сәттер ұжым арасындағы сыйластық пен бірліктің, нәзік жандыларға деген шынайы құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Ана – мейірімнің шуағы, шаңырақтың берекесі, өмірдің ең асыл тірегі. Ал арулар – әлемге көрік беретін нәзіктік пен сұлулықтың символы. Құрметті аналар мен арулар! Сіздерді көктемнің ең әсем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңіз қуанышқа, жүректеріңіз мейірімге, шаңырақтарыңыз бақыт пен берекеге толы болсын!