Наурыз- жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің, достық пен татулықтың мейрамы. 189 орта мектепте Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай Қазақ тілі мен әдебиеті және Тарих пәні бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Армысың, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс - шарасы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты: ата-бабамыздан қалған асыл дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Шара барысында ән шырқалып, би билеп, салт дәстүрімізге байланысты көрініс қойылып, сұрақ- жауап жүргізілді. Қазақ халқы үшін Наурыз- тек мереке ғана емес, ол - тәрбие мен тағылымның бастауы болғандықтан, қонақтар ұлттық дастарханнан дәм татып, ақ тілектерін арнады.