БІЛІМІМ — ОТАНЫМА Мектебімізде «Білімім — Отаныма» тақырыбында жас түлектерге арналған салтанатты бітіру кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. 2025–2026 оқу жылында 31 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге нық қадам басты. Салтанатты кеште Белкөл кент әкімі Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, ақ жол тіледі. Сонымен қатар мектеп директоры Корганова Кадиша Мамайқызы сөз сөйлеп, шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін бітіруші түлектердің сынып жетекшілері мен ұстаздарына арнайы Алғыс хаттар табыстады. Кеш барысында оқушылар әсем ән шырқап, қимастыққа толы мектеп вальсін билеп, өздеріне білім мен тәрбие берген ұстаздарына ыстық ықыластары мен шынайы алғыстарын білдірді. Салтанатты кештің ең әсерлі сәті — түлектердің соңғы қоңырау соғып, балалықпен қоштасқан мезеті болды. Бұл күн әр түлектің жүрегінде ұмытылмас естелік болып сақталары сөзсіз. #189ортамектеп #bilimkzо
https://189mektep-kyzylorda.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/90-co-y-o-yrau.html#sigFreeId3ddabf3a1f






